Горячие новости
Читайте также

Елордалық жасөспірімдер "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнімен қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Бұл ән халық арасында махаббат пен теңдіктің әнұранына айналды.

Фото : Акимат Нур-Султана1 мая 2020, 12:14

Бейбітшілік және Келісім сарайының "Туған жер" шығармашылық студиясы оқушылары қазақстандықтарға ерекше сый жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әр жастағы түрлі ұлт өкілдері "Бәріміз теңбіз, біргеміз" әнін бірге орындады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында, бұл ән халық арасында махаббат пен теңдіктің әнұранына айналды деп айтылған.

Ән авторлары – Анастасия Чеважевская және Лиза Васильева.

Біз Қазақстан халқына ерекше құттықтау жолдағымыз келді. Мәтінінде біз ұлтымызға, ұстанатын дінімізге, түр-түсімізге қарамастан, бәріміз теңбіз делінген ән арнадық,- деді "Бебітшілік және Келісім сарайы" МКҚК директоры Дилбар Амирова.

Біз Қазақстанның ұлттық және діни ерекшеліктерге қарамай, халықты бірлікке шақыру саясатын жалғастырғанын қалаймыз. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім тілейміз, – деді Амирова.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – мемлекеттік мереке, ол 1996 жылдан бастап атап өтіле бастады. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии