Горячие новости
Читайте также

Бас санитарлық дәрігер еліміздегі коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталғанын мәлімдеді

Соңғы екі апта ішінде аурудың өсімі 7% -дан аспауда.

Фото : Facebook/Біртанов4 мая 2020, 16:34

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталды деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Соңғы екі апта ішінде еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Аурудың өсімі 7% -дан аспайды. Егер наурыз айында дертті сырттан әкелгендер мен олармен байланысқа түскендерді тіркеумен болсақ, сәуір айында біз профилактикалық тексеруге - тесттілеуге көштік. Сәуір айында анықталған науқастардың жалпы санының 52% немесе 1862 жағдай профилактикалық тексеру-тестілеумен байланысты. Профилактикалық тестілеудің мақсаты - жасырын індет ошақтарын анықтау. Егер профилактикалық тестілеу жүргізілмегенде, онда байланысқа түсушілер мен жұқтырушылардың саны әлдеқайда көбірек болар еді, - деді Есмағамбетова Facebook-тегі онлайн-брифингте.

Ол карантиндік шаралар, ең алдымен, еліміздегі коронавирус жағдайын тұрақтандыруға әсер еткенін атап өтті.

"Карантиндік шаралар өз нәтижесін бергенін атап өткім келеді. Екі апта ішінде біз тұрақты эпидемиологиялық жағдайды байқап отырмыз. Мен әрбір қазақстандыққа Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шараларды орындағаны үшін алғыс айтқым келеді", - деп толықтырды сөзін ол.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии