Горячие новости
Читайте также

Әбдіқалықова Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрамынан шығып қалды

Комиссияның жаңа төрағасы болып Рамазанова Лаззат бекітілді.

Фото : yandex.com5 мая 2020, 17:31

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған, негізінен, мынадай өзгерістер енгізілді:

Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

"Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға";

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

аталған Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова шығарылсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии