Горячие новости
Читайте также

Маңғыстау облысының соғыс ардагерлері 2 млн теңгеден сыйақы алды

Бұл соманың ішіне мемлекеттік төлемдер мен волонтерлар, меценаттар мен демеушілер жинаған қаражаттар да бар.

Фото : zakon.kz9 мая 2020, 20:41

Маңғыстау облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері 2 миллион теңгеден алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов мәлімдеді.

Бұл соманың ішіне мемлекеттік төлемдер мен волонтерлар, меценаттар мен демеушілер жинаған қаражаттар да бар. Мәселен, аймақтағы ірі мұнай компанияларының бірі - НКОК әрбір соғыс ардагеріне 750 мың теңгенің тұрмыстық техника сатып алуға арналған сертификаттарын табыстады.

Бүгінгі таңда облыста 11 Ұлы Отан соғысы ардагері тұрады: Аймағамбетов Асан, Боқаев Бисен, Салазкин Василий, Сухонос Станислав, Хыдырбаев Каир, Үмбетәлиқызы Қамқа, Заривняк Ольга, Тілешов Күбір, Орақұлы Алуадин, Базарбаев Сауірбай, Мәмбетұлы Ибраһим.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии