Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматы облысында есірткі тұтынып алып, көлікпен көшеге шыққан жүргізуші ұсталды

Куәлігінен айырылса да көлік жүргізуін қоймайтын нашақор екен.

Фото : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі19 мая 2020, 17:22

Алматы облысында есірткілік масаң күйде болған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған жүргізуші бұрын да дәл осындай құқық бұзушылығы үшін жүргізуші құқығынан айырылған.

Сағат 12.30 шамасында Іле ауданының Жетіген ауылынан полиция қызметкерлері есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізушіні ұстады.

Қызмет көрсететін аумақты патрульдеп жүрген полицейлерге "Тойота Марк II" автокөлік жүргізушісінің көлік құралын басқару кезіндегі іс-әрекеті негізді күдік тудырған. Жүргізушінің 30 жастағы жергілікті тұрғын екендігі және 2019 жылы шілде айында оның дәл осындай құқық бұзушылық үшін 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды.

Медициналық сараптама ұсталған жүргізушінің есірткі затын пайдаланғанын көрсетті.

Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес СДТБТ-да тіркелді. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии