Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мемлекет басшысы Ақмола облысында көктемгі егіс жұмыстарымен танысты

Қазақстан Президенті мемлекет тарапынан аграрлық секторды дамытуға баса мән беріліп отырғанын атап өтіп, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығын айтты.

Фото : Ақорда29 мая 2020, 16:35

Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Президент сапары "Hevel Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Одан кейін Президент көктемгі егіс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, өңірдегі аталған күн электр стансасы биыл пайдалануға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы "жасыл энергетиканы" дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында "Ең-Дала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы алқабын аралап көрді.

Қазақстан Президентіне агроөнеркәсіптің техникалық жабдықталуы мен өнімді арттыруға бейімделген жер өңдеу технологиялары, сондай-ақ, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы әзірлеген элиталық тұқымды пайдалану жөнінде мәлімет берілді.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысына аймақтағы агроөнеркәсіп кешені, егін және мал шаруашылығын дамыту жоспары, сондай-ақ, елорда тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі көктемгі егіс жұмыстарының барысы және отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында қаржы бөлу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы жайында есеп берді.

Қазақстан Президенті мемлекет тарапынан аграрлық секторды дамытуға баса мән беріліп отырғанын атап өтіп, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығын айтты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии