Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Шымкенттегі жасөспірімнің өліміне байланысты балалар ауруханасының дәрігерлері тексеріліп жатыр

Олар медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау бабы бойынша тергеуге алынды.

Фото : newtimes.kz3 июня 2020, 14:13

Шымкент қалалық полициясындағылар төбелестен кейін көз жұмған жігіттің қайғылы жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 23 мамырда әртүрлі дене жарақаттарымен кәмелетке толмаған үш бала қалалық балалар ауруханасына түсті. Олардың бірі - кәмелетке толмаған Ұтқыров Абзалбек.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 5.7.11-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі қозғалған тергеу барысында 22 мамырда түнгі сағат 23:30 шамасында Қонаев көшесінде орналасқан "Тоғыс" тұрғын үй кешеніндегі "Мейір" дүкенінің жанында жастар арасында болған (10 кәмелетке толмағандар мен бір 18 жасар жігіт) жанжал, төбелеске ұласқаны анықталды. Нәтижесінде үш кәмелетке толмаған бала түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Күдіктілердің бәрі оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сол түні полиция күдіктілердің барлығын анықтады, олардың бесеуі тұтқындалды, екеуіне кетпеу туралы қолхат түрінде шара қолданылды, ал біреуіне іздеу жарияланды.

2 маусымда жәбірленуші Ұтқыров Абзалбек алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Осыған байланысты, бұл қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5,7,9,14-тармақтарына (кәмелетке толмағандарға қатысты бұзақылық себептермен бір топ адам жасаған қатыгездікпен кісі өлтіру) қайта жіктелді. 3 маусымда Шымкент қалалық ауруханасының дәрігерлеріне қатысты Еңбекші АІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы (медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы) бойынша материалды тіркеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии