Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Түркістан облысында "Мерседес" мінген жігіт бір тұрғынды атып кетті

Күдікті жарақат алған жәбірленушіні бұрыннан араздасып жүрген азаматқа ұқсатып, кек алу мақсатында оқ атқан.

Фото : kabar.kg3 июня 2020, 14:53

Түлкібас Аудандық полиция бөліміне Т.Рысқұлов ауылының жедел-жәрдем диспетчерінен ауруханаға қару оғынан дене жарақатын алған жергілікті тұрғын түскені жөнінде хабарлама келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға орнына Түлкібас АПБ-нің жедел-тергеу тобы шықты. Жәбірленушіден жауап алу барысында, ол достарының үйінен шығып, көшеде келе жатқанында жанына нөмірсіз, сұр түсті "Мерседес" маркалы көлігі тоқтап, терезесінен оқ ата бастағанын көрсетті. Содан санына оқ тиіп, салдарынан жарақаттанған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Полицейлер осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтау мақсатында шұғыл әрекетке кірісті. Оқиға орнын мұқият қарап, тексеріп, көрген-білгендерден жауап алып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктіні анықтап, 12 сағат ішінде ұстады. Ол көрші ауылдың тұрғыны, жас жігіт болып шықты.

Полиция аға лейтенанты тергеуші Еркін Сәбитбектің анықтауынша, күдікті жарақат алған жәбірленушіні бұрыннан араздасып жүрген азаматқа ұқсатып, кек алу мақсатында оқ атқан. Ол өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіден тіркелмеген 16 калибрлі 2 ұңғылы аңшы қаруы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта күдікті Түлкібас АПБ-не уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған жайт "Бұзақылық" бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии