Новости
В других СМИ
Загрузка...
Новости партнеров

Алданып қалмаңыз! Талапкерлер ЖОО-ны дұрыс таңдасын

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру бойынша сапалы қызмет көрсетпейтін жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Фото : proforientator.ru3 июня 2020, 15:23

Бәсеке жағдайында талапкерлер үшін жоғары оқу орнын дұрыс таңдау маңызды, өйткені оқу орнын бітірушінің қоғамдағы орнының айқындалуы мен жұмысқа орналасуы тікелей соған байланысты болады. Сондықтан жоғары оқу орнын таңдаған кезде талапкерлер мен ата-аналар оқу орнының академиялық беделін ескерулері қажет, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру бойынша сапалы қызмет көрсетпейтін жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында да белгілі бір дайындық бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға қосымшалардың қолданылуы бір айға тоқтатылды (04.06.2020 ж. бастап заңды күшіне енеді).

Сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Шет тілдер және іскерлік карьера университеті "Гуманитарлық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау", "Педагогика және психология" сияқты даярлаудың бірнеше бағыттары бойынша лицензияға қосымшаларынан айырылды (08.06.2020 ж.бастап заңды күшіне енеді).

Ал, қайталап жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша 2020 жылғы 18 мамырда Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында лицензияға қосымшалардың қолданысы бір айға тоқтатылды (29.05.2020 ж. бастап заңды күшіне енді).

Бұдан дейін хабарлағанымыздай, 2021 жылдан бастап білім туралы жеке үлгідегі құжаттарды беру нормасы енгізіледі, яғни, мемлекеттік үлгідегі дипломдар болмайды. Дипломдар іс жүзінде жоғары оқу орнының табыстылығы мен танымалдығын көрсететін болады.

Осы орайда талапкерлер мынадай аспектілерге назар аударғандары жөн:

– жоғары оқу орнының QS әлемнің үздік ЖОО рейтінгісінде және "Атамекен" ҰКП жүргізетін білім беру бағдарламалары рейтингінде алатын орны;

– жоо-ның мәртебесі мен академиялық беделі;

– ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы.

Кадрларды даярлаудың өзекті бағыттары мен түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпаратты "Атамекен" ҰКП-ның білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындысы бойынша жасалған рейтингті пайдалана отырып, алуға болады. Рейтинг "Атамекен" ҰКП мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайттарында орналастырылған.




Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии