Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Атырауда мүгедек балаларды ұрған тәрбиешілер ісі сотқа жетті

Іс облыстық ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат қызметкерлерінің тәрбиеленушілерге көрсеткен қорлығына байланысты.

Фото : видеодан кадр5 июня 2020, 12:59

Мүгедек балаларды ұрып-соғып, қорлаған қатыгездердің ісі сотқа жетті. Атырау қаласының № 2-ші соты бір жылдан астам уақыт тергелген атышулы істі қарауды бастады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Іс облыстық ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат қызметкерлерінің тәрбиеленушілерге көрсеткен қорлығына байланысты. Олар дұрыс сөйлей де, ешкімге шағым айта да алмайтын тілінің мүкісі бар кішкентайларды ұрып-соғып, жұмысқа жекті деп айыпталып жатыр. Әу баста күдік 5-6 адамға түскен еді, алайда, сот алдынд екі қызметкер: санитар мен тәрбиеші жауап беруде.

Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі:

"Оларға сотқа дейінгі тергеу органдарымен ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі, 1,2-тармақтарымен айып тағылған. Сот барысы қосымша хабарланатын болады. Бүгін - бірінші күн".

Бұл шу былтыр басталған еді. Тілінің мүкісі бар 100 шақты бала тұратын әлеуметтік орталық қызметкерлері ондағы дұрыс сөйлей алмайтын кішкентайларды ұрып тәрбиелеп, түрлі жұмыстарға жеккен. Бұл былықтың беті ашылғанда жанашыр қоғам өре түрегелсе де, атқамінерлер ауыз ашпай, түк болмағандай отыра берген. Бәрінің бейнебақылау камераларында бұлтартпас айғақтары бола тұра, іс бір жылдай сиырқұйымшақтанып, ақыры тоқтап қалған. Тек сенаторлар сұрау салғанда ғана қайта қолға алынып, тергеу тез жүріп, аяқ астынан кінәлілер анықтала бастады. Мекеменің 5 бірдей қызметкері жазаланып, басшы жұмыстан қуылып, бармақ басты, көз қысты әрекетке жол берген полиция қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылған. Оның салқыны арнайы әлеуметтік көмек көрсететін қалалық орталықтың басшысына да, өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына да тиді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии