Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ең жасы - 39-да. БҚО-да коронавирустан тағы үш адам көз жұмды

Бүгінгі күнге дейін аймақта COVID-19-дан 10 адам қайтыс болды.

Фото : Алматы ӨКҚ30 июня 2020, 15:52

Батыс Қазақстан облысында тағы үш адам COVID-19-дан қайтыс болды. Олар - 1938 жылғы әйел және 1981, 1963 жылғы екі ер адам, деп хабарлайды zakon.kz.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 1938 жылғы науқас биыл 8 маусымда ол негізгі ауруының асқынуына байланысты ауыр халде провизорлық госпитальға келіп түсті.

- 8 маусымда алынған ПТР тесті науқаста коронавирус инфекциясы барын нақтылады. Науқас денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, интенсивті терапия бөлімінен жан сақтау бөліміне ауыстырылды. Алайда науқастың жалпы жағдайы өте қиын болғандықтан, 15 маусымда екі жақты пневмонияның асқынуы салдарынан жүрегі ұстап қалды, жасалған реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

1981 жылғы БҚО тұрғыны 2020 жылы 27 мамырда өзін жайсыз сезіне бастаған. Ал 3 маусымда 103 желісіне хабарласып, науқас облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді, одан сол арада коронавирусқа тест алынды. ПТР тесттің нәтижесі оң болғандықтан, науқас ауруханаға жатқызылды.

- Науқастың жағдайы жақсара қоймады, тыныс алу жеткіліксіздігі жоғарылап, науқас оттегіге тәуелді болды. 8 маусымда науқас жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қабылданған барлық шараларға қарамастан, 2020 жылдың 15 маусымында коронавирус инфекциясы және екі жақты полисегментальді пневмониядан науқас қайтыс болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

1963 жылғы БҚО тұрғыны 2020 жылы 13 маусымда өткізген ПТР тесті онда COVID-19 инфекциясының барын растады.

- Науқас облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Барлық реанимациялық шараларға қарамастан, 14 маусымда екі жақты пневмонияның асқынуынан ол қайтыс болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін аймақта COVID-19-дан 10 адам қайтыс болды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии