Горячие новости
Читайте также

Реанимациядан күніне он өлік шығарады – Тараз тұрғыны

Елдің бәрі приемныйда жатыр. Ешкім қарамайды!

Фото : видеодан кадр1 июля 2020, 12:20

Коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен тараздықтардың туыстары наразылық білдірді. Олардың айтуынша, науқастарға дұрыс қарамай жатқан көрінеді. Құр әкеліп, қамауға қолдан беріп, өлтіріп аламыз ба деп абыржулы. Расымен де дәрігерлер ағзасынан "КОВИД-19" анықталғандарды қарамай жатыр ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ляйсан Жақыпова, қала тұрғыны:

"Елдің бәрі приемныйда жатыр. Ешкім қарамайды! Ешкім укол салып жатқан жоқ. Ешкім жәрдем беріп жатқан жоқ!"

Жанар Әбдікерімова, қала тұрғыны:

"Өліп баратырмын мама! Мені түрмеге неғып әкеп тастадың деп жылап жатыр балам менің".

Ескендір Насыров, қала тұрғыны:

"Бес күн болды осы жерде жүрмін суббота күнінен бері, охранниктер біледі. Осы жерде қонып жүрмін машинаның ішінде. Күніне он өлік шығарады мынаның ішінен. Реанимациядан".

70-тегі анасын екіжақты пневмониямен осында жатқызған Ляйсан апай енді өкініп жүр. Не тест жоқ, не дәрі жоқ, кеше түннен бері ем түгілі ешкім келіп халін сұрамапты.

Ляйсан Жақыпова, қала тұрғыны:

"Звондап сұрадық, мама азанға дейін бірдеңке салынды ма деп. Ештеңе салынып жатқан жоқ дейді. Қазір міне онда ма келдік. Оннан бері әлі жүрміз. Қайтадан звондап сұрадым, мама бірдеңе салынды ма деп, уже жылап тұр: Пожалуйста, ақшаңды берсең де бірдеңе салдыртып берші дейді, уже жылап тұр!".

Ішке кіріп, анасының аузына су да тамыза алмайды. Алты сағат қабылдау бөлімінде отырып әрең жатқызған анасын үйіне әкетейін десе, темір тордан ешкім кіріп-шыға алмайды. Ем-дом жасамаса да, ақ халаттылар дәрі-дәрмек жоқ деп, бәрінің қолына бір-бір тізім ұстатыпты. Осыны әкелсеңдер туыстарың аман қалады дегенге ұқсайды. Бұны бәрі растады.

Ескендір Насыров, қала тұрғыны:

"Суббота әкелгем мен мамамды. Әлі анализ ала алмай жатырмын. Диагноз әлі қойған жоқ, курс лечения әлі бастаған жоқ. Рентгенге апарғанмын, двустороняя пневмония деді. Сомен мына жаққа әкелді скорый. Түк укол салып жатқан жоқ дейді. Қазірдің өзінде звондап тұр, ақшасын берсең де не естесең де, маған одышканың уколын салғыз дейді. Өліп бара жатырмын дейді. Демаламайды, сөйлей алмайды, телефонмен сөйлесе алмайды".

Бәрінің айтқаны осыған саяды. Дәрі де жоқ, бәрі де жоқ, әйтеуір қақпаны күзеткен жұрт. Артқы есіктен қашан және кімнің ақ мата жамылған туысы шығар екен деген қорқыныш.

Жанар Әбдікерімова, қала тұрғыны:

"Кеше скорый шақырдық. Скорый кислород қойып, алып кетті баланы. Кешке дейін осы жерде бес сағат отырғызды. Әрең қабылдады. Қабылдағаннан кейін балам бірнәрсе істеді ме, мама ештеңе істеген жоқ! Мама ешкім қарамайды, ешкім қарамайды дейді. Өлсем үйде өлейін де дейді балам!".

Араға адам салып, құзыретті пайдаланып, ақыры ақ жағалы біреуді алдырдық іштен. Түк болмағандай көздері төңкеріліп, түсінбесе де түсіндіруге тырысты. 200 пациенттің жетеуі жансақтау бөлімінде деді.

Сейдахмет Шыныбеков, облыстық көпбейінді балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

"Осындағы қажетті емнің бәрі іште жатқан науқастардың барлығына жасалынып жатыр. Біздің даже ШУМ болып кетеді. Дәрігерлер өздерінің жұмыстарын жасап жатыр. Біз шақыртып жатырмыз, даже басқа ауруханалардың дәрігерлерін алып қойып жатырмыз. Соңғы уақытта науқастардың санының көбеюіне байланысты біз жан-жақтың поликлиникаларының дәрігерлерін, мынау қасымыздағы аурухананың дәрігерлерін өзімізге көмекке шақырып жатырмыз, барлығын".

Бір ұққанымыз бұл мекеме емдейтін орын емес, науқастарды жағдайына қарай бөліп, басқа жерлерге жіберетін уақытша бокстар екен. Бірақ маман тапшылығын жасырмады. Басқасының бәрін жоққа шығарды. Әйтеуір дәрі-дәрмек әкел деген ақ халаттыларды анықтап, өзім сөйлесемін деген уәдесін алып қалдық.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии