Горячие новости
Читайте также

АҚШ-та сайлау жақын. Трамп Байденді жеңу үшін түрлі иттікке барады

Байден кампаниясына жиналған ақша жарты миллиардқа жақындап қалды.

Фото : gazeta.ru3 июля 2020, 16:10

АҚШ-тағы президент сайлауына тура төрт ай қалды, дейді желіде сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

Қазіргі кезде көрнекті деген топ-республикашылдар алдағы сайлауда Байденді қолдайтындықтарын ашықтан-ашық білдіре бастады. Олардың айтуынша Трамп респ. партиясын қоқысқа айналдырды, ол бұрынғы Рейган-Буш партиясы емес. Буштардың қатарына Пауэлл, Райс, Тиллерсон, т.с.с. республикалық саяси кланға жататын топ-саясаткерлер де қосылды - бұлардың бәрі де Байденге дауыс беруді жақтап отыр.

Соңғы сұрау салу нәтижесі Трамптың барлық штатта, оның ішінде әдетте үнемі респ. жеңетін "қанқызыл" штаттарда да (Монтана, Жоржия, Канзас, Техас) Байденге жеңіліп жатқанын көрсетіп отыр.

Тағы бір өте маңызды көрсеткіш - Байден кампаниясына жиналған ақша жарты миллиардқа жақындап қалды. Бұл жалпы халық әркім өз шамаларына қарай Байденнің сайлауалды штабына ақша аударып жатыр деген сөз. Тіпті бұл жерде адамдарда энтузиазм, ұмтылыс, азарт пайда болған сияқты. 3-қарашада президентпен бірге Конгресс те сайланатынын ескерсек, онда алдағы сайлауда Конгресс демократиялық басымдығын сақтап қалуы мүмкін. Бұл енді қосарланған жеңіс болып шығады.

Әрине, Байден Конституцияға сәйкес қазір барлау органдарының қатаң қорғауына алынған, өйткені барлық президенттікке кандидаттар ерекше қорғауға алынады. Трамптың алдағы сайлауда жеңу үшін барлық иттікке баратыны онсыз да белгілі. Конституциясын қалағанынша өзгертіп, өзінің қайта сайлану құқын обнуление жасап алған Ресей президентінің қанқұйлы жоспарларын тек қана Байден тоқтата алады, көкжиекте оны тоқататын басқа күш әзірге жоқ.

Алла, Байдендік Әміриканы сақтай гөр! Ол қазақ елінің де ел болып сақталып қалуына мүмкіндік беретін жалғыз жол! - дейді сарапшы жазбасында.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии