Горячие новости
Читайте также

Алматы дәріханаларындағы мониторинг дәрінің қымбаттағанын көрсетті

Мониторинг дәрі-дәрмектерге деген жоғары сұранысты көрсетті.

Фото : баспасөз қызметі8 июля 2020, 14:55

Бүгін "Акселератор добра: Ізгілік елшісі" еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова, "Алматы – адалдық алаңы" жобалық офисімен бірлесе отырып, қалалық дәріханаларда танымал дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және олардың бағаларын, сонымен қатар дәріханалардағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мониторинг дәрі-дәрмектерге деген жоғары сұранысты көрсетті, дәріханалар алдындағы ұзақ кезекте тұрған адамдар көп. Өз кезегінде қала тұрғындары еріктілермен сөйлесіп, дәрі-дәрмектің жалпы нарығындағы жағдай туралы өз пікірлерін білдірді. Қала тұрғындарының айтуынша, дәрі-дәрмектер мен дәрігерлік препараттардың қымбаттауы байқалады, бұл медициналық тауарларға деген жоғары сұраныспен байланысты.

Еріктілердің пікірі бойынша, Алматыдағы дәріханалар санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жұмыс істейді, алайда кейбір дәріханалардың ғимараттары алдында адамдардың үлкен кезегі байқалуда, және олардың бәрі бірдей әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтамайды.

Белсенділер дәріханалардың басшылары (иелері) іштегі санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етумен қатар, кезектерді басқару жүйесін оңтайландыру және клиенттердің санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтауын қамтамасыз ету қажеттігі жөнінде ой білдірді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии