Горячие новости
Читайте также

Алматы облысында 500-ден астам адам табиғатқа зиян келтірді

500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, 70 қылмыстық іс қозғалған.

Фото : almaty.tv9 июля 2020, 13:39

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу өңірінде 600-ге жуық заң бұзушылық табиғатқа қарсы жасалған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлері табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және браконьерліктің алдын алу шаралары барысында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 573 құқық бұзушылықты әшкерелеген. Аталған деректер бойынша 500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, 70 қылмыстық іс қозғалған.

"Жыл басынан бері 503 тұлғаның әкімшілік жауапкершілігі қарастырылды. Олардың басым бөлігі заңсыз аң және балық аулауға жол берген. 70 тұлғаның заңсыз әрекетіне қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Тергеу барысында құқық бұзушылардың табиғатқа келтірген залалдары есептеліп, сот шешімі оларды мемлекет пайдасына өтеу қарастырылады", - деді облыстық ПД Жерглікті полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Мейір Демеубаев.

Полиция өкілінің айтуынша, табиғат қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтау мақсатында тәртіп сақшылары арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, табиғат байлықтарына қол сұғушылардың әрекеттерін әшкерелейді.

"Табиғи байлықтарымызға залал әкелетін бракоьерлердің жолын кесу үшін "Браконьер", "Шекара", "Уылдырық шашу" және т.б. жедел алдын алу шаралары тұрақты ұйымдастырылады. Осындай нәтижелі шара барысында биылғы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтың 92,8 пайызы, ал қылмыстық құқық бұзушылықтың 42,8 пайызы әшкере болған",- деп толықтырды майор Мейір Демеубаев.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии