Горячие новости
Читайте также

Н.Нығматулин мен М.Әшімбаев коронавирус құрбандарын еске алды

Бүгін Мәжіліс пен Сенат ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Фото : Ж.Құспанов13 июля 2020, 12:54

Парламенттің Мәжіліс және Сенат Төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Мәжіліс пен Сенат ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күнінде Парламентте коронавирус індетінен құрбан болған азаматтарға арналған еске алу рәсім өтті.

Парламенттің Мәжіліс және Сенат төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев барлық депутаттық корпус атынан коронавирус індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары коронавирус індеті салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтардың қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии