Горячие новости
Читайте также

Жол бойындағы дәрігерлер: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Өз кезегімде, бұл шараны ұйымдастыруға жергілікті әкімдіктің де, орталық билік орындарының да ешқандай қатысы жоқ екендігін жеткіземін.

Фото : 24tv.ua13 июля 2020, 18:01

Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желіде Президентіміз жариялаған жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус құрбандарын еске алу бойынша біздің әріптестеріміздің көшедегі үнсіздік акциясы кеңінен таралып жатыр. Бұл іс-әрекетті сынға алып жатқан кейбір азаматтарымыз да бар.

Осы орайда Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансері ұжымының атынан ресми түрде мәлімдеймін: аталмыш шара Ұлттық медициналық ассоциациясының төрайымы Садықова Айжан Бегайдарқызының барша медицина қызметкерлеріне тастаған үндеуін қолдау мақсатында, сұм індетпен күресіп көз жұмған барша әріптестеріміздің рухына тағзым ету үшін жасаған біздің ортақ шешіміміз. Аты жаман аурумен арпалысып ортамыздан кеткен қаншама маманнан, әріптес-достан, қызметтес-жолдастарымыздан айырылдық. Көз алдымыздан кетсе де, жүрегімізде қалды. Сондықтан да, Аза тұту күні олардың рухына тағзым етіп, еске алуды өзіміздің әріптестік парызымыз деп білеміз. Олардың әрбірі осындай құрметке лайық деп санаймыз.

Өз кезегімде, бұл шараны ұйымдастыруға жергілікті әкімдіктің де, орталық билік орындарының да ешқандай қатысы жоқ екендігін жеткіземін.

Құрметпен, Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Болат Сагымбеков


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии