Новости
В других СМИ
Загрузка...
Новости партнеров

Қазақстандағы жол-көлік апаттарының ең негізгі 5 себебі аталды

Бұл рейтинг ресми статистика негізінде құрастырылған.

Фото : Polisia.kz16 июля 2020, 12:14

Апаттық статистикасына көбінесе қандай факторлар жиі әсер ететінін, Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу барысында айқындады.

Көлік басқару барысында, ЖКО-ға ұшырау тәуекелі әрдайым баршылық. Оның себебі ретінде, жүргізушінің рульді басқару кезіндегі ахуалы, сондай-ақ, оған тәуелсіз жағдаяттар болуы мүмкін, мысалы, күн райының нашарлауы, тәулік мезгілі, жүретін жол немесе жол жүрудің өзге қатысушысы.

ҚР ҰЭМ статистика жөніндегі Комитетінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың бастапқы 5 айында Қазақстанда 4 178 ЖКО тіркелген, оның салдарынан 6 мыңнан астам адамдар зардап шеккен. 2019 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, апаттық 26,6% төмендеген. Бұл көрсеткіштің көзге көрінер себебі – Covid-19 пандемиясы, карантиндік шаралар енгізу, жүруді шектеу, соның ішінде, көлік жүргізушілер үшін.

ТЖ режіміне тыйым салынғаннан кейін, және мегаполистің шегарасындағы блокпостарын ашу нәтижесінде, жолдағы хал-ахуалы бірте-бірте қалпына келе бастады. Демек, автокөлік иелерінің жол апатының қатысушысы болу тәуекелі ұлғайды.

Барлығын алғанда, ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы 10 жыл ішінде еліміздің жолдарында 168 136 ЖКО орын алған.

2018 жылы жалпы оқиғалар санынан, жүргіншіні басып кету 42% құраған. Көлік құралдарының соқтығуы - 36%. Көлік аударылған апаттар, ЖКО жалпы санынан 8% тіркелген. Бөгетке соқтығу 5% құраған, ал жолаушының аударылуы – 3%.

Апаттық статистикасы негізінде, Freedom Finance Insurance мамандары еліміздегі ЖКО себептерінің ең кең тараған рейтингін құрастырды. Бұндағы ең басты параметрлері: жүргізушінің рульді басқару кезіндегі ахуалы, ауа райының жағдайы, жол жүру мезгілі және көлік басқару сапасы.

5 орын. Мас күйде көлік басқару

ҚР ІІМ хабарламасы бойынша, 2019 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары арасында, ЖКО жалпы санынан 3% (342) мас жүргізушілердің қатысуымен болған. Бұл апаттарда 493 адам зардап шеккен. Барлығын алғанда, былтыр аталған кезеңде, мастану халінде болған 22 мыңнан астам жүргізуші айқындалған. 17 мыңнан астамы жүргізуші куәлігінен айырылған.

4 орын. Күн райының нашарлауы

Құқықтық статистика жөндегі Комитетінің және ҚР Бас прокуратурасының арнайы есепке алу мәліметтері бойынша, жауын-шашын кезінде тек 7% апат, ауа райының әртүрлі жағдайына байланысты орын алады. Күңгірт күндері-6% апат, ал қар жауған кезде, 3% тіркелген. ЖКО ең төмен пайызы тұманды күндері болады, бар болғаны - 1%. Мүмкін бұл, автокөлік иелерінің рульді мұқият басқаруына немесе жолға шықпауына байланысты болар.

3 орын. Агрессиялы басқару

ҚР ИИҚДМ мәліметтеріне сәйкес, арақашықтылықты сақтамау салдарынан 8% ЖКО болады.

Апаттардың шамамен 15%, көліктің жылдамдығын кенеттен өзгерту, қатар бұзу және кері бұрылыс нәтижесінде болады. Тәжірибегеге аса сену, асығу, күйгелектену апаттың ең басты ізашарлары.

2 орын. Тәуліктің түнгі мезгілі

ҚР түнгі мезгілде орын алатын апаттар бар болғаны 17% құрауына қарамастан, бұл жағдаяттқа назар аудару қажет. Шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, жүргізушілер үшін ең қауіпті тәуілік мезгілі 23:00 - 6:00 аралығы. Дәл осы уақытта, кюветке түсіп кету, қарама-қарсы автоға соқтығу, бағана, ағашқа ұрыну немесе жүргіншіні басып кету ықтималы өте зор.

Қала көшелері түңгі жарықтық, жол белгілері, светофор және жылдамдықты бақылайтын аспаптар нәтижесінде жүруге қауіпсіз. Бірақ қаладан тыс трассаларда, жүргізушілердің мұқияттылығын талап етеді, себебі, фаралардың жарқ етуі, жол қирауы, кенеттен жануардың немесе адамның жолға шығуы, құлама беткей немесе жол белгісі көрінбейтін бұрылмасы апатқа апаруы мүмкін.

Қарама-қарсы жол жолағына шығу нәтижесінде 14,1% ЖКО, оның ішінде 9,5%, жүргізуші көлікті басқара алмаған жағдайларына жатады.

1 орын. Жылдамдықты асыру

Егер 10 жыл бұрын жүргізушілер апат кезінде, қираған жолдарды кінәлаған болса, қазір жағдай басқаша. Керісінше, жақсы жолдар ЖКО себебі болып келеді. Бәріне кінәлісі, жаңа трассада "зуылдату" азғырындысы ұстап кетеді.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары 12,5 мың километрден астам автожолдары салынып, қайта жаңғыртылған, соның ішінде, ең жоғары сапалы - 2,8 мың километр. Осыған орай, 2019 жылы апаттардың жалпы санынан, 34% жылдамдықты асыру нәтижесінде болған.

Бұл рейтинг ресми статистика негізінде құрастырылған. Алайда, ұсақ апаттар кезінде автокөлік иелері құқық қорғау органдары мен сақтандыру компанияларына жүгінбегенін ескеру қажет. Барлығын алғанда, Ұлттық Банкінің статистикасына сәйкес, осы жылдың қаңтар мен қыркүйек айларының аралығында, Сақтандырушылар міндетті автосақтандыру бойынша 11,3 млрд теңге мөлшерінде төлемдер атқарған. Ескертеміз, оны алу үшін, жүргізуші көлігін оқиға болған жерде апаттық комиссарлар және жол полициясы қызметкерлері келгенше қалдыруға тиісті. Бұл жағдайда, сақтандыру компаниясы өтемақыны апат болған жерде төлеуі мүмкін, егер нұқсан мөлшері 350 000 теңгеден аспайтын болса.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии