Новости
В других СМИ
Загрузка...
Новости партнеров

42 500 теңгеге өтінішті ертеңнен бастап қабылдай бастаймыз - Еңбек министрі

Ол 42 500 теңге компанияларда жұмыс істеп, жұмысынан қысқарып қалған адамдарға немесе карантиндік шаралардың күшеюінен табыстарын жоғалтқан кәсіпкерлерге төленетінін еске салды.

Фото : primeminister.kz16 июля 2020, 15:23

ОКҚ-да өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына 42 500 теңге көлемінде төлем алу үшін ертеңнен бастап өтініштер қабылдау басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ертең, жұмадан бастап, шілде айына 42 500 теңге төлеуге өтініштер қабылдай бастаймыз. Біз ережелерді әзірледік, олар қазір Әділет министрлігінде қаралуда, - деді Нұрымбетов.

Ол 42 500 теңге компанияларда жұмыс істеп, жұмысынан қысқарып қалған адамдарға немесе карантиндік шаралардың күшеюінен табыстарын жоғалтқан кәсіпкерлерге төленетінін еске салды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, 42 500 теңге төлемін алуға өтініштерді қабылдау ресурстары 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

- Үлгеріп қалу керек деген асығыстық жоқ бұл арада. Бұл - шілде айына арналған төлем. Барлық көрсетілген байланыс арналары, порталдар 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейді, яғни сізге өтініш беру үшін бір айдан аса уақыт беріледі, - деді ол.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии