Новости
В других СМИ
Загрузка...
Новости партнеров

Қай қазақтың ұлы екен? "Camry 70" мініп, Талдықорғанды шулатты

Жол ережесін өрескел бұзғанын желіге салған жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Фото : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі27 июля 2020, 15:11

Ол жазасыз қалған жоқ. Жүргізуші - Алматы қаласының 18 жастағы тұрғынына қатысты бірден 5 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының назары "Toyota Camry-70" маркалы автокөлік жүргізушісінің Талдықорған қаласының жолдарында көрсеткен мінез-құлқына бірден ауды.Полицияның мәлімдеуінше, Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерді белсенді түрде қадағалайды және анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бірден шаралар қолданады.

Полицейлерді таң қалдырғаны, жол қозғалыс ережесін өрескел бұзудан көрінген заңға қайшы іс-әрекеттерді автокөлік иесі әдейілеп істеген. Сонымен қатар, азамат өзінің жолдағы барлық іс-әрекеттерін Instagram беттерінде және месенждер топтарында жариялаған. Қуаншымызға орай, жас жігіттің жауапсыз мінез-құлқы әлі ауыр салдарын тигізген жоқ.

Бейнекадрларда автоәуесқойдың бірнеше рет авариялық жағдай тудырып, жол белгілері сызықтарынан шығып, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққаны, бұрылыс сигналдарын қоспағандығы, жол бойындағы көлікті басып озып, бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқандығы байқалады.

Ақ "Toyota" маркалы автокөлігінің жүргізушісі анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі, 596-бабы 3-бөлігі бойынша бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушының жүргізуші куәлігі алынып, автокөлік айып тұрағына қойылды. Азаматтың келешекте автокөлікті басқара алатындындығы немесе алмайтындығы сот шешімінен кейін белгілі болады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии