Горячие новости
Читайте также

Алматыдағы жасөспірімдер колониясында тігін цехы ашылды

Жазалы жасөспірімдер аталған цехта зор ризашылықпен жұмыс істеуде.

Фото : Гүлнәр Мағзұмова11 августа 2020, 22:41

Сотталғандарды жұмыспен қамту ешқашан күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Түзеу мекемелерінің аумағында шағын өндіріс орындарын ашу осы мәселенің түйінін шешуге айтарлықтай ықпал етуде.

Алматы қаласындағы "Ақниет Үміт" мүгедектердің қоғамдық қоры жуырда ЛА-155/6 түзеу мекемесінің ұжымымен бірлесіп, балалар колониясында шағын тігін цехын ашты.

Осы орайда бес жасөспіріммен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес еңбек шарты жасалды. Аталған заң талаптарына сәйкес енді он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар аптасына отыз алты сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істейтін болады.

Тігін цехында киім үтіктейтін орын, бу генераторы және алты тігін машинасы бар.

"Жазалы жасөспірімдер аталған цехта зор ризашылықпен жұмыс істеуде. Олар бір жағынан қазір сұранысқа ие тігінші мамандығын игерсе, екінші жағынан табыс тауып, сот белгілеген шығындарын өтеуге және аз да болса ата-аналары мен бауырларына қаржылай көмек беруге мүмкіндік туғанына қуанышты. Сонымен қатар олар еңбек ете жүріп, шеберліктерін шыңдайды. Еркіндікке шыққан соң кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алады", - дейді ЛА-155/6 түзеу мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Әділ Әділханов.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА,

Суретті түсірген автор


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии