Горячие новости
Читайте также

Қазақстанда мемлекеттік нөмірі бірдей 3 автокөлік табылды

Полицейлер алдымен камераларды аңдып отырып, 11 тамызда "егіздің бір сыңарын" ұстап алды.

Фото : Нұр-Сұлтан қаласының ПД13 августа 2020, 12:54

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысын бақылау барысында бір-бірінен аумайтын және нөмірлері бірдей екі автокөлік жүргені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жайт туралы белгілі болғаннан кейін полицейлер "двойник-көліктерді" іздестіруге кірісті.

Полицейлер камераларды аңдып отырып, 11 тамызда "егіздің бір сыңарын" ұстап алды. Келесі күні екінші сыңары да табылды.

Екі жүргізуші де автокөлікті заңды жолмен сатып алғанын айтып отыр. Келетін айыппұлдарды көлік иелері кезек-кезек төлеп жүргені де анықталды.

Ұсталған көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанда бұл көліктің үшінші сыңары да жүр екен, ол Өскеменнен табылды. Оның иесінің сөзінше, оған да Е 658 ВН 138 нөмірлі "Тойота Естима" көлігіне айыппұлдар келіп жатыр. Өзі бірақ бұл көлікпен Нұр-Сұлтанға бармағанын айтады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии