Горячие новости
Читайте также

"Сергек" Атырауға жетті

Камералар бүгін, 10 қыркүйекте іске қосылуы тиіс.

Фото : azh.kz10 сентября 2020, 14:27

Басында Атырау көшелеріне мамыр айында 200-ден аса кешен орнату жоспарланған еді. Кейін 1 маусымға шегерілді. Сосын шенділер бұл жоба тым күрделі және мұқият қарастыруды талап етеді деген желеумен істі тағы кейінге қалдырған болатын, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде Атыраудағы "Сергекті" 10 қыркүйекте іске қосу жөнінде шешім қабылданды.

Аzh.kz хабарлағандай, қалада 204 кешен (1 224 камера) қызметін бастады.

"Сергек" жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, тоқтау сызығын басып кету және жол таңбасын елемеу сынды ереже бұзу сәттерін автоматты режимде тіркейді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии