Горячие новости
Читайте также

Алматыда Қуат Хамитов ұсталды

Оған әлеуметтік желіде тарап жатқан видеосы себеп.

Фото : Instagram/ kuat__khamitov15 сентября 2020, 08:18

Алматы қалалық полициясы танымал спортшы Қуат Хамитовтың дезинфекция жасаушыларды ұрып-соғып, тікұшақтарды атып түсіру туралы үндеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Хамитовтың қатысуымен зорлық-зомбылыққа шақырған бейнеролик зерттелген. Факт ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Хамитов тиісті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілген.

- Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Оның іс-әрекетіне баға беріледі, - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға шақыру және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру немесе елді арандату, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Тақырыпқа орай: Қуат Хамитов жұртты дезинфекция жасаушыларды ұрып, тікұшақтарды атуға шақырды


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии