Горячие новости
Читайте также

Асылбек Смағұлов ОСК мүшесі болып сайланды

Ол бұл тағайындауға дейін Мәжіліс депутаты болған.

Фото : 24.kz16 сентября 2020, 10:40

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Асылбек Смағұловты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі етіп сайлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның кандидатурасын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды.

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 57 және 58-баптарына сәйкес, Парламенттің қос палатасынан Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін тағайындайды. Олардың кандидатураларын Палата төрағасы ұсынады. Осыған байланысты мен әріптесім Асылбек Смағұловтың Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатурасын ұсынамын. Асылбек Смағұловты бәріңіз жақсы білесіздер, бірнеше жыл бірге жұмыс істедік. Ол елге қажетті заңдардың қабылдануына үлкен үлес қосты, заңгерлер арасында танымал. Білікті, тәжірибелі маман, - деді Нұрлан Нығматулин.

Дауыс беруден кейін Мәжіліс спикері Асылбек Смағұловқа алғыс хат табыстап, жұмысына сәттілік тіледі.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии