Горячие новости
Читайте также

Қырғызстанмен шекарада героиннің ірі партиясы ұсталды

"Қарасу" шекаралық бекетінде Қырғыз Республикасының азаматы басқарған автокөлікті ұсталды.

Фото : видеодан кадр16 сентября 2020, 11:13

2020 жылғы 14 қыркүйекте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаменті және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Қарасу" шекаралық бекетінде Қырғыз Республикасының азаматы басқарған автокөлікті ұстады. Көліктің жүк салатын бөлігінде бал бар екі пластамасс ыдыс анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шелектің қос түбінде жасырын орындар орнатылып, мұнда жалпы салмағы 1872 грамм болатын ақшыл сары түсті заты бар 2 полиэтиленнен жасалған орама анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат героин болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Мұндай қылмысты жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии