Горячие новости
Читайте также

Жамбыл облысында бір күн бұрын үйінен атпен шығып кеткен 7 жасар бала әлі табылмай жатыр

Оны біреулер соңғы рет ауылдан 30 шақырым жерден көрген.

Фото : Жамбыл облыстық ПД16 сентября 2020, 12:49

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Күшаман ауылының 7 жасар баласы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарланғандай, сағат 15:00 шамасында бала үйден атпен шығып кеткен, содан бері оның қайда екендігі белгісіз.

Баланы іздеуге 250-ден астам адам жұмылдырылды, олардың ішінде полиция, әкімдік, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және волонтерлар да бар. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның 150 адамы мен Меркі АПБ-ның 30 қызметкерінен тұратын топтың жергілікті тұрғындар арасында жүргізген сауалнама барысында оны кешкі сағат 18.00 шамасында туған ауылы - Күшаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының маңында көрген адам табылды. Сонымен қатар төтеншеліктердің тікұшағы мен жергілікті орман шаруашылығы кәсіпорындарының біріне тиесілі АН-2 ұшағы жа іздеу жұмысына қатысты, деп хабарлады полициядағылар.

Жамбыл облысының полиция басқармасы жоғалған бала туралы кез-келген ақпаратты білетін адамдардан: 8 (7262) 2-49-02, 99-73-39, 8-775-376-66-93 нөмірі және шұғыл байланыс желісі - 102-ге хабарласуды сұрайды.

Баланың белгілері: өңі жұқа, арықтау, бойы - 120 см, шашы қара. Үстінде сұр футболка, басында қызыл қалпақ, бұтына шорты және аяғына қара кроссовка киген.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии