Горячие новости
Читайте также

Алматы облысында браконьер елік атып алыпты

"Браконьер" іс-шарасы облыс аумағында 16-30 қыркүйек аралығында жалғастырылуда.

Фото : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі21 сентября 2020, 15:55

Алматы облысының табиғат қорғау полициясы заңсыз аң аулаған браконьерді құрықтап, оның елік атқанын әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Алматы облысының аумағанда жүргізіліп жатқан "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары өзге де табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, Сарқан ауданының аумағында 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Тексеру барысында оның заңсыз аң аулағаны анықталды.

"Арнайы рейд кезінде "Сарқан" аңшылық шаруашылығы аумағында "Нива" маркалы көлік тоқтатылып, көліктен жаңа атылған еліктің денесі табылды. Сондай-ақ, заңсыз аңшылықты кәсіп еткен браконьерлерден екі аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",- деп хабарлады Алматы облысы ПД Табиғат қорғау полициясының инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, браконьерлер мінген көлік тергеу аяқталғанға дейін арнайы тұраққа тоғытылған. Табиғи байлықты қорғауға және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне қол сұғушылықтың алдын алуға бағытталған "Браконьер" іс-шарасы облыс аумағында 16-30 қыркүйек аралығында жалғастырылуда.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии