Горячие новости
Читайте также

Қазақстанда құралған қытайлық электромобиль Ресейде таныстырылды

Қостанайда шыққан JAC iEV7S нарықтағы ең қолжетімді электрлі көлік.

Фото : JAC Motors23 сентября 2020, 15:38

Ресейде қытайлық JAC брендіне тиесілі iEV7S электромобилі таныстырылды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Ол көрші елге Қазақстаннан жеткізіледі. Жыл басынан бері Ресейге 700 дана JAC S3, S5 және Т6 экспортталды. Машинаның бағасы 2.3 млн рубль. JAC ЕЭО елдеріндегі ең арзан электромобиль болмақ.

Хетчбэк қуаты 39 кВт/сағ батареямен жұмыс істейтін 115 ат күшіне ие мотор арқылы қозғалады. Жүріс қоры 280 шақырымға жететін машина жылдамдығын сағатына 130 шақырымға дейін арттыра алады. Толық қуаттау үшін сегіз сағатқа жуық уақыт кетеді. Жылдам қуаттайтын бекеттерде бір сағатта 80 %-ға дейін зарядтауға мүмкіндік бар.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии