Горячие новости
Читайте также

10 бала жұқтырған. ШҚО-да оқушылар арасындағы КВИ-ға қатысты тың мәлімет жарияланды

Қашықтан оқып жүріп, коронавирус белгілері анықталған 6 бүлдіршіннің инфекцияны қайдан жұқтырғандары әлі белгісіз.

Фото : 24.kz24 сентября 2020, 17:59

Шығыс Қазақстан облысында 10 мектеп оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның төртеуі шағын мектепте оқитын балалар болса, қалғандары қауіпті кеселді қашықтан оқып жүріп жұқтырған, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Иә, оқушылар арасында коронавирус инфекциясының тіркеліп жатқаны жайлы санитарлық эпидемиолог мамандар мәлімдеп отыр. Кеше ғана Алтай ауданы Парыгино ауылындағы шағын кешенді мектептегі екінші сынып оқушысының осы індетке шалдыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Енді белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған оқушылар өзге аудандарда тіркелген болып шықты. Осылайша, қазір Көкпекті ауданындағы бір мектеп толықтай карантинге жабылды. Өйткені онда 11-сынып оқушысы мен оның сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әкесінен инфекция анықталып отыр. Ал бұдан өзге, Шемонаиха және Алтай аудандарында COVID-19-ға шалдыққан оқушының сыныптарында карантин жарияланды. Өйткені олардың сыныптастары арасынан ауру жұқтыру дерегі әлі анықталмаған. Дегенмен, болашақта олардың дистанционды түрде білім алуына кеңес берілді. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар бақылауға алынды. Ал, қашықтан оқып жүріп, коронавирус белгілері анықталған 6 бүлдіршіннің инфекцияны қайдан жұқтырғандары әлі белгісіз.

Бағлан Тауанова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Қашықтан оқып, COVID-19 жұқтырған оқушылар олар Семей қаласында, Риддер қаласында, Алтай аданында, Шемонаиха ауданында бар. Олардың енді қазіргі сәтте инфекциялық көрсеткіштерін, қандай себеппен жұқтырғанын айта алмаймын. Қазіргі сәтте оқушылардың барлығы үйде ем алуда. Жағдайлары орташа деңгейде.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии