Горячие новости
Читайте также

Қазақстанда қолдан қолға ең көп өтетін автокөлік Toyota Camry

Сосын Lada тұр.

Фото : newmotors.by25 сентября 2020, 10:50

"ҚазАвтоПром" деректерінше, елде жыл басынан бері қайта тіркелген жеңіл автокөліктердің 67% – жасы 10 жылдан асқан ескі техника, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда жүрген жеңіл автокөліктердің 41,1% немесе 255,3 мың данасы – шыққанына 20 жылдан асқан.

Екінші нарықтағы жүрілген автокөліктерге келгенде қазақстандықтардың Toyota маркасына сұранысы жоғары. Одан кейін Lada мен Volkswagen, әрі қарай Mercedes-Benz, Audi, Mitsubishi, Nissan, Hyundai деп кете береді.

Қолдан-қолға алып-сатылуы саны бойынша Toyota Camry (екінші нарықта 7,3%) шаң жуытпайды. Одан кейін Volkswagen Passat (3%), LADA Priora (3%), Toyota Land Cruiser (2,9%), LADA Samara (2,5%), Daewoo/Ravon Nexia R3 (2,3%), Mercedes-Benz E-Class (2,3), Volkswagen Golf (2,2%), Audi 100 (2%) және BMW 5-Series (1,8).

Нарықта сатылатын жеңіл автокөліктердің орташа "жасы" 17,2 жыл.

Елдегі ең ескі деген көлік маркасы– Audi, орташа жасы 27,1 жылды құрайды. Ең "жас" көліктер KIA – 7,1 жыл.

Көліктің қолдан-қолға өтуі жағынан өңірлер арасында Алматы облысы көш бастайды (15,1%; 93,8 мың дана), Алматы (13,2%; 81,9 мың дана), Түркіістан облысы (9,2%; 56,9 мың дана), Нұр-Сұлтан (8,5%; 52,6 мың дана) және Шымкент (8,4%; 51,9 мың дана).


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии