Горячие новости
Читайте также

Қапшағайдан заңсыз балық аулаған түркістандық азамат ұсталды

Алдын ала тексеру барысында осы дерек бойынша мемлекетке шамамен 560 мың теңге материалдық шығын келтірілген.

Фото : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі1 октября 2020, 20:32

Алматы облысының табиғат қорғау полицейлері өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізген рейд барысында Қапшағай су қоймасынан рұқсатсыз балық аулаудың екі дерегін әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аса ірі көлемде заңсыз тәсілмен балық аулады деген күдікпен 41 жастағы азамат ұсталды.

"Браконьерлікті кәсіп қылған күдіктіден пайдалануға заңмен тыйым салынған балық аулайтын аудың 800 метрі, қозғалтқышы бар қайық пен 200 килограмға жуық балық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- дейді облыстық ПД Табиғат қорғау полициясының инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Полиция өкілінің айтуынша, күдікті азамат Түркістан облысы, Жетісай ауданының тұрғыны болып шыққан. Браконьерден тәркіленген балықтар арнайы қабылдау орындарына өткізіліп, түскен қаржы мемлекет пайдасына аударылады.

Алдын ала тексеру барысында осы дерек бойынша мемлекетке шамамен 560 мың теңге материалдық шығын келтірілген. Күдікті азамат сотқа дейінгі тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу туралы міндеттемемен босатылған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии