Горячие новости
Читайте также

Биыл мас күйде көлік жүргізген 13 мың жүргізуші ұсталды

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 млн-нан астам дерегі анықталды.

Фото : ortcom.kz7 октября 2020, 17:02

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ең алдымен, жолдарда бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 млн-нан астам дерегін анықтаған.

"119 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, көлікті мас күйде жүргізген 13 мың жүргізуші ұсталды. Сот шешімімен 15,2 мың жүргізушіні көлікті басқару құқығынан айырды, 12,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды", - деді С.Түсіпов.

Биылғы жылдың 9 айында 8 933 ЖКО тіркеліп, онда 1 265 адам қаза тауып, 11 780 адам жарақат алған екен.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары санының 22% – ға (11 484-тен 8 933-ке дейін) төмендегені байқалады, оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтар саны 19%-ға (-287, 1 552-ден 1 265-ке дейін) және жараланғандар саны 23%-ға (-3544, 15 324-тен 11 780-ге дейін) азайды, - деді С.Түсіпов.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии