Горячие новости
Читайте также

Алматы маңындағы жолдарға "Автоураган" қойылды

Алматы қаласының маңындағы автожолдарда 10 "Автоураган" автоматтандырылған бағдарламалық кешенінің жұмысы қалпына келтірілді.

Фото : ibirzha.kz9 октября 2020, 11:00

9 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысында ЖКО саны 12,0%-ға төмендеген. Ал өліммен аяқталған ЖКО 19,9%-ға, жарақат алғандар саны 11,4%-ға азайып отыр, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, патрульдеу бағыттары қайта қаралып, олардың қашықтығы жартысына дейін қысқартылды, нәтижесінде нарядтардың тығыздығы екі есеге артты. Қозғалыс барынша қарқынды Алматы қаласының маңындағы автожолдарда 10 "Автоураган" автоматтандырылған бағдарламалық кешенінің жұмысы қалпына келтірілді. Бүгінде облыс бойынша 26 кешен жұмыс істейді. Сонымен қатар, техникалық құралдармен анықталған құқық бұзушылықтар саны 17 мыңнан 127 мыңға дейін өсті. Олардың жұмысының тиімділігі ескеріле отырып, биыл апатты-қауіпті учаскелерде тағы 20 бекет орнатылады. "MESTA FUSION" француз өндірісінің 60 бағдарламалық кешені Алматы – Талдықорған автожолында мемлекеттік-жекешелік серіктестік тәртібімен орнатылатын болады", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев.

Республикалық маңызы бар жолдарда, жаяу жүргіншілер өткелдері мен бұрылыстарда 4 мың 700 жарық шағылыстырғыш катафот; дөңгелекті соқпақ брустарда - 5 мың 600 "Кедергіні айналып өту" жол белгілері орнатылды; "Алматы-Қапшағай" бетон автожолында қысқы кезеңде шиналардың жолға ілінуін жақсартуға мүмкіндік беретін эмульсиялы-минералды қоспа жабыны төселді; "Алматы-Талғар-Бәйдібек би" автожолының көлік жүретін бөлігі кеңейтілді.

"Сонымен қатар, білім беру объектілерінің жанындағы 258 учаскеде ақ-сары түсті гаммада жол таңбасы салынып, 25 учаскеде жасанды жол кедергісі орнатылды. Бір жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталды (Қарасай ауданындағы Шамалған станциясында), тағы екеуі келесі жылы Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында аяқталады. Сондай-ақ, республикалық трассаларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылдамдық өлшегіштер мен "Крис-П" кешенін пайдалану жандандырылды", - деп толықтырды генерал-майор Күдебаев.



Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии