Горячие новости
Читайте также

Көкшетауда ер адам бір қызды тонап, зорлап кеткен

Полиция күдіктіні ұстады.

Фото : nikatv.ru16 октября 2020, 12:20

Көкшетауда ер адам 20 жастағы қыздың телефонын ұрлап, оның үстіне оны зорлап кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция күдіктіні ұстады.

- Көкшетау қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне 20 жасар қыздан арыз келіп түсті, онда 2020 жылдың 29 қыркүйегінде шамамен сағат 07:30 Жамбыл мен Сәдуақасов көшелерінің қиылысында белгісіз ер адам қызды пышақпен қорқытып, ашық түрде Samsung ұялы телефонын ұрлап, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД

Осы факті бойынша облыстық ПД -ның жеке құрамына бірден бағыт беріліп, қылмыс жасалған аймақтағы бейнебақылау камералары, Шұғыл басқарма орталығы камералары, сонымен қатар сипаттамаға ұқсас есепте тұрған 26 адам тексерілді.

Нәтижесінде 14 қазанда осы қылмысты жасады деген күдікпен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Зеренді ауданына қарасты ауылдардың бірінде 30 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады.

Ер адамға қатысты полиция екі бап: ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлімі, "Зорлау" және 192-бабы, 2-бөлігі, яғни "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғады


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии