Горячие новости
Читайте также

Жетісайда Daewoo Nexia тізгіндеген мас әйел ұсталды

Медициналық қорытындыға сәйкес, әйел орташа дәрежеде мас екен.

Фото : Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі20 октября 2020, 12:08

Жетісай АПБ ЖПҚ қызметкерлері тәртіп сақшыларына күдік тудырған "Дэу" маркалы автокөлігін жолда тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлерге жүргізуші әйел мас сияқты көрінген, деп хабарлайды zakon.kz.

Медициналық қорытындыға сәйкес, әйел орташа дәрежеде мас екен.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қаңтар айында сот шешімімен Жетісай ауданының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылған. Алайда, жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, жол ережесін қайталап бұзып, мас күйінде көлік жүргізген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі "көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік басқармауға кеңес береді. Жүргізушілер есіңізде болсын: сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының саулығы сіздің Жол қозғалысы ережелері мен жолдардағы тәртіпті сақтауыңызға байланысты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии