Горячие новости
Читайте также

Жұқтырғандарға жоқ! Өтемақыны тек қайтыс болған дәрігерлерге төлеу ұсынылды

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

Фото : 7news.kz21 октября 2020, 16:59

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне төлемдерді тоқтату мәселесін қарастыруда, осыған байланысты 2020 жылдың 20 қазанынан бастап ауру жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеуге жаңа өтінімдерді қабылдауды тоқтауы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

"2020 жылдың 20 қазанынан бастап аймақтық комиссиялар медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге жаңа өтінім қабылдауды тоқтатады. Ал жалпы індет жұқтырған 12 983 медицина қызметкерінің 9 309-ы төлем алады", - деді М.Шоранов.

Бүгінгі таңда COVID-19-ден қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасы өтемақы алды, бұл төлемдер алдағы уақытта да сақталады. Жұмыста жүріп COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне келсек, 2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша 8 863 маман үстемақы алды.

"Медицина қызметкерлері індетті жұмыста жұқтырған жағдайда, медициналық ұйым мен жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетуі тиіс, бұл медицина қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге түрткі болады", - деді бірінші вице-министр.

Медициналық ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады ("таза" және "лас" аймақтарға бөлу, адамдар ағынын бөлу және басқалар).

Медицина қызметкерлері жеке қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген (үш айға арналған қор):

- бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдерінің саны-82 күнге (3 ай);

- қайта пайдалануға болатын қорғаныс костюмдерінің саны - 12 күнге;

- бір рет қолданылатын маска саны-101 күнге (3,5 ай);

- респиратор саны (барлық түрлері) - 34 күн;

- бір рет қолданылатын қолғаптар саны - 37 күн;

- антисептик саны (литрмен) - 76 күнге.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен COVID-19 қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін үстемақы төлеу жалғасуда (наурыздан қыркүйекке дейін жалпы сомасы 84,4 млрд. теңгеге төленді, қосымша: 137 млрд. теңге. жыл соңына дейін).


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии