Горячие новости
Читайте также

ШҚО-да тағы бір бюджет қаражатын ұрлау фактісінің жолы кесілді

Түркістан облысының 4 азаматы ШҚО-на көшу ниеттері жоқ бола тұра, Тарбағатай ауданының Еңбекпен қамту орталығына жалған құжаттар ұсынған.

Фото : zagranitsa.com22 октября 2020, 09:52

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірге "Қазына" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында "Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқырудың тағы бір фактісі анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылы бағдарламаға қатысушы Түркістан облысының 4 азаматы ШҚО-на көшу ниеттері жоқ бола тұра, Тарбағатай ауданының Еңбекпен қамту орталығына жалған құжаттар, атап айтқанда Тарбағатай ауданында тұрғын үйлерді сатып алу туралы ниет шарттарын ұсынған. Сатып алу туралы ниет шарты нотариалды түрде ресімделген тұрғын үй иелері өздерінің үйлерін сатқандарын теріске шығарып отыр.

Ерікті түрде көшулері үшін ақша қаражаттары есеп шоттарына түскеннен кейін, олар көшіп келу бағдарламасының талаптарын сақтамастан бұрынғы тұрғылықты жерлеріне Түркістан облысына көшіп кеткен.

Қазіргі уақытта бюджет қаражатын талан таражға салу фактісі бойынша ҚР ҚК 189 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии