Горячие новости
Читайте также

Пандемия салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кәсіпкерлер ағымдағы жылдың қазан айының 30-на дейін өтініш жібер алады.

Фото : EADaily24 октября 2020, 11:03

Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық сауда және кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұқанбетжан Көбеген мәлім етті. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, пайыздық мөлшерлемені 6 пайызға төмендету мүмкіндігі жасалды.

Бүгінгі күнгі енгізілген өзгерістер бойынша несиелерін жоғары пайызбен төлеп отырған шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері, мемлекеттен бөлінетін субсидияны пайдалана отырып, несие мөлшерін төмендетуге 29 түрлі салада жұмыс істеп жүрген жандардың мүмкіндігі бар. Олар автосалондар, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету орталықтары, мейрамханалар, тамақ өнімдерін жеткізу қызметі, туристік агенттіктер, мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру саласы, дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет, фитнес клубтар, тоқыма және химиялық тазалау қызметі, шаштараз және сұлулық салондар мен жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметі және т.б.,-деді Маңғыстау облыстық сауда және кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұқанбетжан Көбеген.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының Маңғыстау облысы бойынша басшысы Гүлжан Қалымбетованың айтуынша, кәсіпкерлер ағымдағы жылдың қазан айының 30-на дейін өтініш жібер алады.

Мемлекеттен қолдау алу үшін кәсіпкерлер 30 қазанға дейін несие алған банкке/лизингтік мекемелерге өтінім беруі қажет. Қосымша құжаттарсыз, өтінім беру арқылы несие пайызын 12 ай мерзімге (16.03.2020ж. бастап) 6%-ға дейін төмендете алады. Содан соң "Даму" қоры банктер берген тізімдер мен сауалнама-өтініштер негізінде 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде субсидиялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды, - Гүлжан Қалымбетова.

Бағдарламаға қатысудың басты шарты — кәсіпкерде 2020 жылдың 16 наурызы күнін есепке алғандағы мерзімде 180 күннен асқан несие берешегі болмауы керек


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии