Горячие новости
Читайте также

Жамбыл облысында шу шыққан аудандық аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды

5 қазанда Алпысбай жұмысқа шықты, ал 20 қазанда ауруына байланысты уақытша демалысқа кеткен, кейіннен мұнысы негізсіз болып шықты.

Фото : Жамбыл облысы әкімдігі26 октября 2020, 13:58

Биыл шілде айында шу шыққан Жамбыл облысындағы Жуалы орталық аймақтық ауруханасының бас дәрігері Батихан Алпысбай қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың шілде айында аудандық аурухананың қызметкері Ф. Жанбатырованың әлеуметтік желіге жариялаған арызынан соң ауданға қызметтік тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия аттанған болатын. Қызметтік тексеру нәтижесінде, Ф. Жанбатырованың келтірген кей деректері расталды. Ұжым ішінде жайсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқаны анықталды.

2020 жылдың 5 қазанында Б. Алпысбай жұмысқа шығып, 20 қазан күні тағы бір рет уақытша жарамсыздық парағын аштырған. Денсаулық сақтау басқармасымен тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде емдеу мекемесі басшысының демалысқа негізсіз шыққаны анықталды.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылдың 26 қазанындағы бұйрығына сәйкес, Б. Алпысбай тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.

"Тәртіп бұзғаны үшін бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А. Байтөреев қызметінен босатылды. Өз кезегінде бас дәрігер Б. Алпысбай денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығып кеткен. Сондықтан еңбек заңнамасына сәйкес, оны қызметінен босату мүмкін болмады. 2020 жылдың 5 қазанында Б. Алпысбай жұмысқа шығып, 20 қазан күні тағы бір рет уақытша жарамсыздық парағын аштырған. Денсаулық сақтау басқармасымен тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде емдеу мекемесі басшысының демалысқа негізсіз шыққаны анықталды. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылдың 26 қазанындағы бұйрығына сәйкес, Б. Алпысбай тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды", делінген облыстық әкімдік хабарламасында.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии