Горячие новости
Читайте также

1 қарашадан бастап еңбек мигранттары ХҚО арқылы рұқсат рәсімдей алады

ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі ІІМ көші-қон қызметінің жүйесімен біріктірілді.

Фото : liter.kz27 октября 2020, 09:36

ІІМ жүргізіліп жатқан жаңғырту және жүйелі реформалар аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша тиісті шаралар қабылдауда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық облыстағы қалаларда 2018-2019 жылдар аралығында Көші-қон қызметі орталықтары ашылған болатын. Сол жерде еңбек мигранттары "бір терезе" қағидасы бойынша еңбек патенттерін рәсімдеп келді.

Бұл Орталықтарда көші-қон, ПД-нің криминалистикалық қызметі, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, сондай-ақ медициналық ұйымдар, сақтандыру компаниялары және екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері орналасқан, электронды кезектер енгізілген. Жұмысты осылайша ұйымдастыру еңбек мигранттарына рұқсат рәсімдеу мерзімін бірнеше күннен 2-3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді және тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу бұрынғысынан да ыңғайлы бола түсті.

ІІМ азаматтардың оң пікірлерін ескере отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясымен бірге ағымдағы жылы еліміздегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы еңбек мигранттарына патент рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны жүргізуге кірісті.

Сол үшін ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі ІІМ көші-қон қызметінің жүйесімен біріктірілді. Осылайша "бір терезе" арқылы бастапқы және әзір құжаттарды берудің тәртібі оңтайландырылды.

Соның нәтижесінде ХҚКО арқылы 18 мың 500-ден астам патент рәсімделіп, берілді.

Ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің осындай тәсілін барлық ХҚКО-да пайдалану жоспарланып отыр.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии