Горячие новости
Читайте также

Т.Рысқұлов ауданында алғаш рет рапс дақылы егілді

Күздік рапс дақылын егуге ауданнан 15 шаруа қожалық ниет білдірген.

Фото : Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі27 октября 2020, 14:16

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, аймақта рапс дақылын егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданында 100 гектарға жуық алқапқа күздік рапс дақылын егу жоспарланған еді. Түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде аудан шаруалары жоспарды артығымен орындап, 160 гектар алқапқа дән себуді мақсат етіп отыр. Өткен аптада қожалықтардың бірнешеуі жерге аталмыш майлы дақылды бастырып та үлгерді. Әсіресе, Мұратбек Арыстанбеков басшылық ететін округте бірнеше шаруа қожалықтары күздік рапс дақылын егуге ниет танытқан. Солардың бірі — "Достық — Е" шаруа қожалығы.

Шаруашылық басшысы Айтжан Ихиев аты аталған дақылды өз алқабының 10 гектарына егуде. Бұл мақсатта Мұрат Айтымбетов пен Андрей Исаев сынды механизаторлар егіс алқабындағы қиын жұмыстарды еңсеріп, тынбай еңбек етіп жүр. Қожалық жетекшісінің айтуынша, аталмыш бастамаға жергілікті басшылар барынша қолдау көрсетіпті.

Абай ауылдық округінде рапс дақылын егуге ниет танытқан "Медеу төре", "Құрманбай", "Нұрпейіс" шаруа қожалықтары бар.

Агросаланы алшаң бастыратын дәл осындай бастамаларды қолдауға жаңатұрмыстық шаруалар да зор ықылас танытқан. Солардың бірі — "Әділ" шаруа қожалығы. Оның басшысы Қалдыбек Әділов те өзіне тиесілі егістік алқаптың 10 гектарына рапс дақылын екті. Шаруаның айтуынша, ол дақылды екпес бұрын оны жан-жақты зерттеп көрген.

Егістік алқабына арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қалыбаев пен ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Әлдибек Туғанбаев та пікір алмасу барысында рапс дақылының басты артықшылықтарына кеңінен тоқталып, көптеген тың ақпараттармен бөлісті. Дәлірек айтар болсақ, олар Қалдыбек Әділовке "рапс" жерді тыңайтуға қолайлы дақыл екенін, сондай-ақ, ауа райының әртүрлі жағдайларына төзімді болатынын алға тартып, қожалықтың бастамасына сәттілік тіледі.

Жалпы күздік рапс дақылын егуге ауданнан 15 шаруа қожалық ниет білдірген. Ол үшін ауылшаруашылығы бөлімі 600 килограмм дақылды ауданға жеткізу бағытында жүйелі жұмыс жасап, қожалықтарға үлестіріпті. Алдағы уақытта дақылды егуге құлшыныс танытып жатқан шаруалар да баршылық.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии