Горячие новости
Читайте также

Түркістан облысының екі тұрғыны астыртын цехте арақ шығарған

Оларға екі жүз сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Фото : ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі29 октября 2020, 10:05

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш қаласының тұрғындарының көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың қызметін ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тінту барысында көлемі 0,5 л. "Пшеничная" маркалы жалған алкоголь өнімінің 284 бөтелкесі және 600-ге жуық жалған есепке алу-бақылау маркалары анықталып, тәркіленді.

Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының екі тұрғыны ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен (көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға екі жүз сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии