Горячие новости
Читайте также

Қазақстандықтар бір мезетте тұмаудың үш түрін жұқтыруы мүмкін - инфекционист-маман

Осы инфекциядан туындаған асқынулардың салдарынан мемлекеттің экономикалық шығындары ондаған миллиард теңгені құрауы ықтимал.

Фото : Pixabay29 октября 2020, 10:22

Белгілі қазақстандық жұқпалы аурулар жөніндегі маман Амангүл Дүйсенова адамдарды қаншалықты тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етуге болатынын айтып, сонымен қатар алдағы алты айда тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылар туралы болжам жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Амангүл Дүйсенова академик Төрегелді Шармановтың 90 жылдығы мен Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 90 жылдығын мерекелеу аясында өткен "COVID-19-ке қарсы күрестегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда биылғы жылы қазақстандықтардың 3 түрлі жаңа тұмауды жұқтыруы мүмкін екенін және бұл денсаулық сақтау саласына түсетін ауыртпалықты едәуір арттыратынын айтты.

- Коинфекция болу қаупі жоққа шығарылмайды, яғни бір кезде екі немесе үш вирусты жұқтыру жайы. Сонымен қатар, 2020-21 жылдары шетелдерде тіркелген тұмау вирусының үш жаңа штаммы бойынша ауру күтілуде. COVID-19 пандемиясы кезіндегі тұмау мен ЖРВИ-дің белсенділік танытуы, әрине ол эпидемиялық жағдайдың күрт нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. Зертханалардың жүктемесі артып, микс инфекция ПТР-тест индикаторларын анықтауда қиындықтар туғызуы ықтимал. Әсіресе, аралас инфекциялар кезінде, ауруханаларға шамадан тыс ауыртпалық артып, дәрі-дәрмектерге сұраныс жоғарылап, ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастардың саны өсіп, соның ішінде жан сақтау бөліміне, әрине ауыр формалардың, критикалық формалардың өлім-жітімінің көбеюі ықтимал, - деді профессор өзі жариялаған ықтимал сценарий болжамында.

Медицина ғылымдарының докторы Амангүл Дүйсенова тұмау мен осы инфекциядан туындаған асқынулардың салдарынан мемлекеттің экономикалық шығындары ондаған миллиард теңгені құрайтынын атап өтті.

- Жыл сайынғы шығын тек тұмау мен ЖРВИ кезінде 20 миллиард теңгені құрайды. Екпені Қазақстан Республикасы есебінен жүргізіледі, бірақ, өкінішке орай, оның қамту деңгейі төмен болып қалады, халықтың шамамен - 10-12% -ы ғана. Бұл халықтың негізгі бөлігінде тұмаудың жұқтыру қаупі жоғары екендігін көрсетеді. Тұмау емес вирустарға қарсы вакциналар жоқ, оны өздеріңіз білесіздер, - деп баса атап өтті маман.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии