Горячие новости
Читайте также

Соғысқа қатысқан ардагер Сембек Қожахметов 95-ке толды

Қожахметов Сембек 1925 жылғы 25 қазанда дүниеге келген.

Фото : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі30 октября 2020, 15:59

Ұлы Отан соғысына қатысқан Алматы облысы ішкі істер органының жалғыз ардагері Сембек Қожахметов 95 жасқа толды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңісті жақындатқан жерлестеріміз аман-есен елге оралған соң, кейбіреулері ішкі істер органдарына қызметке кіріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысқан. Соғыста темірдей тәртіп көрген, тамырында батырлардың қаны бар жерлестеріміз соғыс жылдарынан кейін ел игілігінің еселеніп, қалпына келуіне сүбелі үлестерін қосты.

Өмір мен өлімнің арпалысынан аман келіп, барлық күш-жігерін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арнаған Қожахметов Сембек атамыз 95 жасқа толды. Көнекөз қария - жазиралы Жаркент өңірінің ғана емес, Алматы облысының мақтанышы, сұрапыл соғысты көрген Алматы облысындағы ішкі істер органының көзі тірі жалғыз ардагері.

Қожахметов Сембек 1925 жылғы 25 қазанда дүниеге келген. 1942 жылы мектеп қабырғасында жүрген 17 жасар бозбала Кеңес армиясы қатарына алынған. Ворошилов қаласындағы кіші командир курсын бітірген соң, Сталинград майданына шайқасқа кіріп, одан әрі Ленинград қаласын қорғауға қатысты. Осыдан соң 1945 жылға дейін фашистік басқыншыларға қарсы соғысып, 1945 жылы фашистік Германия тізе бүккен соң, Қиыр-Шығыс майданына жапон милитаристеріне қарсы шайқасқа аттанған. Ұрыс кезінде бірнеше жарақат алған. Шайқаста батырлық пен ерлік көрсеткені үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Берлинді алғаны үшін", "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" және басқа медальдармен марапатталды.

Ол 1951 жылы әскерден еліне оралған. 1951 жылдан 1976 жылға дейін ішкі істер органдарында түрлі қызмет атқарды. ІІО қатарындағы қызметі үшін "Ел игілігіне еселі еңбегі", "1,2,3 дәрежелі ІІО-да мүлтіксіз қызметі үшін", "Қоғамдық" тәртіпті қорғаудағы үздік қызметі үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен қатар көптеген құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Алматы облысы ПД басшылығы, жеке құрамы мен ардагерлер кеңесі Қожахметов Сембек ақсақалды туған күнімен құттықтайды. Біз жеңіс үшін соғыста жанын тәуекелге тіккен ардагерді құрмет тұтамыз! Оның отбасына амандық, береке мен бақыт тілейміз! Сенбек қарияның жыр алабы Жамбылдың жасына жетуіне тілекшіміз",- деді Алматы облысы Полиция департаменті және Ұлттық Ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Ғұсманұлы Қожақов.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии