Горячие новости
Читайте также

"Несиелік амнистия" деп шулатып жүрген Мамайдың автокредиті бар екен

"Мен өзіме қатысты шаруаны емес, тек қарапайым халықтың несиесін кешіру мәселесін айтып жүрмін", - деп "ағынан жарылды" ол.

Фото : Asylkhan Mamashuly (RFE / RL)10 ноября 2020, 10:50

Esquire.kz қоғам белсендісі Жанболат Мамаймен несие амнистиясы жөнінде сұхбаттасқан екен. Оны arasha.kz сайты аударып жариялады, деп жазыпты paryz.kz, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонда Жанболат Мамайға "Несие амнистиясы қаншалықты өміршең?" деген сұрақ қойылған. Ал ол "Енді бұл – бүгінгі өмірден алынған ұсыныс, бүгінгі өмірден алынған талап", - деп жауап беріпті.

"Өйткені мына пандемияның кезінде миллиондаған адам жұмыссыз қалды. Қазірдің өзінде біз статистиканы көріп отырмыз. Несиені төлей алмай отырған адамдардың саны күрт артқан. Одан кейін байқасаңыз, біз бірнеше айдан бері осы мәселені көтеріп келе жатырмыз. Басында Парламент те үнсіз отыр еді. Қазір онда екі партия осы бастаманы қолдап, өздері ұсыныс ретінде көтеріп жатыр. Яғни, билік те осы мәселеге бет бұра бастады деген сөз. Бұл – өте қажетті бағдарлама. Басқа елдерді – АҚШ-ты, Еуропаны алыңыз, карантинге жабылған кез келген елді алыңызшы, солардың барлығында халыққа көмек көрсетіліп жатыр. Біздің елде нақты көмек берілген жоқ. Тек қана бір бөлігіне 42500 теңгеден берді, ол да барлығына жеткілікті емес. Сондықтан біздің айтып отырғанымыз: мына жеке меншік банктерге көмектесе бергенше, қарапайым халыққа бір реттік несиелік амнистия жариялау керек. Ол орындала ма, орындалмай ма, халыққа байланысты", - дейді Жанболат Мамай.

Ал журналистің "Өз басыңызда несие бар ма? Банктер тарапынан соны жауып беруге қатысты ұсыныстар түсті ме?" деген сұрағына өзінің несиеге көлік алғанын айтып жауап берген.

"Біз несиелік амнистияны көтерген кезде халықтың кепілсіз және микронесиелерін кешіруді ғана алға тарттық. Қазіргі уақытта 5,5 миллион халықтың несиесі 4,4 триллион теңгені құрайды. Біз автокөлік немесе үй-жай сатып алған несиелерді айтып отырған жоқпыз. Осы тұрғыдан алғанда, менің автокөлік алған несием бар. Бір ай кешіктірмей, уақытында төлеймін. Біз тек кепілсіз және микронесиелерді ғана айтып отырмыз. Өз басымда ондай несие жоқ. Банктермен де менің ешқандай келіссөзім жоқ. Мен өзіме қатысты шаруаны емес, тек қарапайым халықтың несиесін кешіру мәселесін айтып жүрмін", - деп "ағынан жарылды" ол.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии