Горячие новости
Читайте также

Көлік нөмірін төңкеріп тақса, камера танымай қалады екен

Полицейлер көлігінің мемлекеттік нөмірін айналып тұратын етіп жасап алған жүргізушіні жауапқа тартты.

Фото : ТО ПД баспасөз қызметі11 ноября 2020, 11:33

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау сынды кезек күттірмес қиын да қауіпті қызметтерімен бірге, күнделікті әлеуметтік желіге де бақылау жасап, саралап отырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Осындай кезекті мониторинг жүргізу кезінде полицейлер, тұрғын өз көлігінің мемлекеттік нөмірін айналатын етіп қайта жабдықтап алып жүргені жөнінде бейнежазбаны анықтады.

Аталған құқық бұзушылықты жасаған "Toyota Camry" маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып тез арада нәтижеге жетті. Яғни тексеру жұмыстары барысында құқық бұзушы жас жүргізуші анықталып, ол жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, жүргізушіге ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлімі "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша хаттама толтырылды. Аталған баптың 7-бөлігінде "Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару – он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады" деп көрсетілген.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады. Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет. Құр мақтанышқа салынып, ойына келгенді істеуге болмайтындығын ескертеді. Одан бөлек, жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді. Жоғарыдағыдай теріс әрекет жасап, өз өмірінен бөлек, өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, жол бойында кедергі келтірудің соңы жақсылыққа апармайтынын ескертеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии