Горячие новости
Читайте также

Түскі ас ішпей, 9 ай аштыққа шыдағандар көлік ала алады

Статистикамен айналысатын мамандар екі адам жұмыс істейтін отбасы ақша жинаса, қанша уақытта машина сатып алатынын есептеді.

Фото : dknews.kz13 ноября 2020, 16:25

РБК басылымы ресейліктердің төлем қабілетіне қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасы 8 ай 21 күнде автокөлік сатып алады-мыс, деп жазады kolesa.kz.

Қысқаша айтқанда, біреуінің табысы ас-ауқат, киім-кешек пен коммуналды төлем жасауға кетсе, екіншісінің айлығы толығымен сандыққа салынады.

Ал енді бұл зерттеуді Қазақстанға икемдесек, біздің елдегі жағдай да осыған ұқсайтынын аңғарамыз.

Біздің елде жүрілген машинаның орташа бағасы 2 млн теңге шамасында десек, Статистика комитетінің есебі бойынша орташа айлық 209 мың теңге шамасында екен.

Алайда айлық мөлшері әр өңірде әртүрлі.

Мысалы, Атырау мен Маңғыстау облысында — 386.7 және 317.7 мың теңге, Нұр-Сұлтанда — 282.5 мың теңге, Алматыда — 238.7 мың, ал Шымкентте — 164.2 мың теңге.

Дегенмен ресейлік мамандардың кеңесіне сүйеніп, артық шығын шығармай, ақша жинағандар жоғарыда аталған мерзімде ескілеу болса да, жүретін көлік сатып ала алады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии