Горячие новости
Читайте также

Өлер алдында хат қалдырған қарағандылық әйелдің оқиғасына қатысты полиция түсінік берді

Бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Фото : Inbusiness.kz19 ноября 2020, 15:56

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі өз-өзіне қол жұмсап, өліміне полиция қызметкерін айыптап, хат қалдырған марқұм әйелдің оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Департаменттегілер 16 қараша күні Қарағанды қаласы Можайская көшедегі пәтерлердің бірінен зорлық белгілері жоқ 52 жастағы әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (суицидке итермелеу) бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның ішінде, өлер алдында жазылған хатқа байланысты соттық-қолтаңбаны айқындау сараптамасы тағайындалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеуді Қарағанды ​​облысы ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қолға алған.

Сондай-ақ олар марқұмға және оның әпкесіне қатысты алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс Қарағанды ​​ПД өндірісінде екенін хабарлады. Бірнеше жәбірленуші қарағандылықтар бар.

Оларға жалпы сомасы 130 миллион теңгеге жуық материалдық зиян келтірілді. Қазіргі уақытта Е.Д.Намысовқа қатысты қызметтік тергеу басталды, оның қорытындылары бойынша тиісті шаралар қолданылады, - делінген хабарламада.

БАҚ беттерінде қарағандылық әйелдің дәрі ішіп, өзін құрбандыққа шалғаны хабарланды. Ол өлер алдында жазған хатында бұған полиция қызметкері Намысов Ерлан Думанұлын кінәлайды. Ол одан үлкен сома қарызға алғанын және оны қайтара алмайтынын айтқан. Марқұм әйелдің хатындаңы дерекке сүйенсек, Намысовтың тарапынан өзіне жасалған қоқан-лоқы екі жылға дейін созылған.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии