Горячие новости
Читайте также

Алматы облысында халықпен кездесуде мінез көрсеткен бас дәрігер кешірім сұрады

Ол соңғы екі жылда еңбек демалысында болмағанын да жеткізді.

Фото : видеодан алынды19 ноября 2020, 16:30

Алматы облысында халыққа ақырып, үстелді тоқпақтаған Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер халықтан кешірім сұрады. Оның айтуынша, тұрғындар жеке басына тиісе бастаған соң эмоциясын ұсмтай алмай, шектен шығып кетіпті. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның әрекетіне байланысты тексеру басталғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші телеарнасына сілтеме жасап.

Нұрлан Құлсейітов, Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Артық кеткенім рас. Себебі жиналыста сөзіңді ешкім тыңдамайды, содан тұрып кетіп қалдым. Бірақ халықтан үлкен нәрсе жоқ. Жұмысымыз да халықпен байланысты. Сондықтан кешірім сұраймын...

Оның айтуынша, ауруханада коронавируспен күресу үшін 2 айға жеткілікті дәрі-дәрмек бар. Ал мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрілердің кейбір түрі жетіспеуде. Жұртшылық соған наразылық білдіруде екен. Сондай-ақ ол соңғы екі жылда еңбек демалысында болмағанын да жеткізді.

Ахметжан Байболов, Талғар қаласының тұрғыны:

- Дәріні таныс арқылы басқа жақтан алып жатырмын. Дәріні де, инені де сол жақтан алып жатырмын. Бұл ауруханада кәдімгі ине де жоқ. Инусилин жоқ. Ал менің өмірім тек қана сонда.

Рақымжан Мұсаров, Талғар қаласының тұрғыны:

- Кешелі бері Талғар қаласының ауруханасына келіп жүрміз. Оларда дәрі жетіспейді. Мысалы, бүгін бас дәрігердің қабылдау күні. Бірақ оған жете алмай жүрміз.

Марина Павлова, қала тұрғыны:

- Мен дәрі-дәрмек ала алмай жүрмін, мен келген сайын келесі жолы келіңіз деп қоя береді. Қарапайым тұрғындар бас дәрігердің қабылдауына кіре алмайды. Бүгін қабылдау күні, бірақ кіре алмадым.

Ал дәріхана қызметкерлері келген дәрілерді бірден таратып жатқандарын айтуда. Жетіспеген препараттарға бірден тапсырыс беріледі екен. Осы аптада болмағанмен, келесі аптада жеткізіледі деп сендірді.

Жанна Құрманбекова, дәріхана қызметкері:

- Бір күнде, міне қаншама рецепт келіп жиналып қалды алдымызға, ал бізге дәрі-дәрмек әр аптада бір рет жеткізіледі. Осы апатада жетпей қалғандарға келесі аптада келгеннен беруге тырысамыз.

Ал бас дәрігердің әрекетіне баға беру үшін облыстық денгсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылыпты. Комиссия қабылдаған шара қоғамға дер кезінде хабарланатын болады, - дейді басқармадағылар.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии